Акушерия және гинекология бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 2009 жылы құрылды. Кафедраның клиникалық базалары болып келесі базалар саналады:
- Акушерия, гинекология және перинатология Ғылыми орталығы (АГ және ПҒО);
- ҚР Президенттің істерін басқару медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы;
- Қалалық клиникалық жедел жәрдем ауруханасы;
- Қалалық адам репродукция орталығы;
- Республикамыздың басқа облыстарының перинатологиялық орталықтары.
Кафедра меңгерушісі — м.ғ.д, проф. Құдайбергенов Талғат Қапаұлы.
Кафедрада 18 оқытушы, оның ішінде медицина ғылымының 6 докторы және 4 кандидаты жұмыс жасайды.
Ай сайын 2 рет, АГ және ПҒО базасында кафедра қызметкерлерімен кафедра отырысы өткізіледі, қазіргі мақсаттар мен сұрақтарды талқылау, ой алмасу және ұсыныстар айтылады.
Интернді дайындау жүрісі келесі жұмыстарды қамтиды: клиникалық талқылаулар, кеңес берулер, клинико-диагностикалық бөлімшелеріндегі клиникалық аралаулар, семинарлар өткізу, тақырыптарды талқылау, тәжірибелік дағдыларды игеру, ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференциялар жүргізу және қатысу. Интерндердің білімін бақылау келесі формада жүргізіледі: қазіргі (сынақтар), жарты жылдық аттестация, қорытынды аттестация.