Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: оқу процесін кешенді әдістемелік қамтамасыз ету, оқытушылардың сабақтарға өзара қатысуы, инновациялық оқыту әдістері мен формалары, оқу-әдістемелік құралдарды шығару, резиденттердің өзіндік жұмысы, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру. Оқу-әдістемелік жоспар негізінде пәндер бойынша силлабустар, оқу құралдары, клиникалық жағдайларға барынша жақын MSQ тест тапсырмалары мен ситуациялық есептер әзірленеді. Барлық оқу-әдістемелік құжаттар кафедра отырысында талқыланып, бекітіледі.